Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

Borusan Cat Қазақстандағы Customer day: Алматы қаласында жол-құрылыс техникасына Тапсырыс беруші күні

Borusan Cat Қазақстандағы Customer day: Алматы қаласында жол-құрылыс техникасына Тапсырыс беруші күні

«Borusan Cat Қазақстан» компаниясының қызметтерін ұсыну, сондай-ақ оның мақсатты аудиториясынан құнды кері байланыс алу үшін аса маңызды және біршама тиімді құрал «Тапсырыс беруші күні» нысанында өткізілетін іс-шаралар болып табылады. Бүгінгі таңда олар компанияның оқиғалар күнтізбесінде тұрақты болып табылады. Мысалы, 2023 жылғы 6 маусымда Компанияның Алматы қаласындағы бас кеңсесінде «Жол-құрылыс техникасына Тапсырыс беруші күні» шарасы өтті.

Іс-шара бірнеше бөлімнен құралды. Бірінші бөлімі семинар нысанында өтті, мұнда асфальтты төсеу және тығыздау тақырыбы қарастырылды, сонымен қатар, компания мамандары Cat® және SEM техникасының қосымша мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы баяндады. Семинар барысында жол құрылысында таптырмайтын техника мен қосымша құрылғыларды сатып алуға арналған қаржылық шешімдер: Trimble™ GPS жүйесі, Allmand® жарық бағандары ұсынылды.

Осы тақырыптарға қосымша, іс-шараның бірінші бөлімінде техника иелері үшін қосалқы бөлшектерді сатып алудың, қажетті техникалық сипаттамалар мен техниканы пайдалану ережелерін іздеудің таптырмас құралы болып табылатын Boom 360 әмбебап қосымшасы ұсынылды. Сондай-ақ, мамандар тапсырыс берушілерге «Municcim» қателерді тану және диагностикалаудың бірегей жүйесін ұсынды. Іс-шараның осы бөлімі соңында тапсырыс берушілер «Borusan Cat Қазақстан» компаниясының бағалы сыйлықтарын ұтысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Түскі үзілістен кейін Caterpillar® компаниясының шақырылған спикері Виталий Таран арнайы тренинг өткізіп, онда жол құрылысында техниканы пайдаланудың жаңа технологиялары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ жобаларда жұмыс істеу кезіндегі мүмкіндіктер туралы толық айтып берді.

Іс-шараның осы бөлімінде Тапсырыс беруші мен жаттықтырушы арасында пәндік диалог өтті, ол өзекті міндеттерді шешуге, сондай-ақ қатысып отырған техника иелерінің әрқайсысы үшін білімді нығайтуға және тәжірибе алмасуға қосымша тәсілге айналды.

Біз осы іс-шараға қатысқан компанияның тапсырыс берушілеріне, сондай-ақ оның маңызды бөлігіне айналған компания мамандарына алғыс айтамыз. Аталған іс-шара Borusan Cat Қазақстан мен оның тапсырыс берушілері арасындағы серіктестік қатынастарды нығайту үшін тиімді платформа болғанына және қазірдің өзінде сапалы, бірлескен нәтижелер беретініне сенімдіміз.