Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

CAT APP.

MY.CAT.COM ВЕБ-ПОРТАЛЫ ҮШІН ІЛЕСПЕ ҚОЛДАНБА РЕТІНДЕ ӘЗІРЛЕНДІ.


Cat® App мобильдік қолданбасы – көп уақытын жұмыс алаңында, алқапта және жолда өткізетін Тапсырыс берушілерге арналған қолданба. Бұл олардың жабдық телематикасы деректерін пайдалануына мүмкіндік береді. Cat® App қолданбасы Тапсырыс берушілерге жабдықтың орны мен күйін бақылауға, ақаулар кодына жылдамырақ жауап беруге, тоқтаусыз жұмыс уақытын барынша ұзартуға көмектесе отырып, оңтайландырылған, реттелген деректерді тікелей мобильдік құрылғыда ұсынады.

Жабдықты басқаруға арналған бұл құрылғы бүкіл техникалар паркін бақылауға, қажетті қосалқы бөлшектерді және қызмет көрсетуді сұрауға, сонымен қатар Cat® дилерімен жұмыс орнынан байланысуға мүмкіндік береді. Қолданбамен қадағаланатын барлық жабдықтың нақты орны машинаның жұмыс сағаты, оның күйі мен пайдаланылуы туралы деректермен бірге мобильдік құрылғыда көрсетіледі. Бұл қолданылмай тұрған активті қажетті жерге жіберу арқылы жабдықты барынша тиімді қолдануға мүмкінік береді. Реттелетін push хабарландырулары Cat® App пайдаланушыларына машинаның күйін, тіпті олар қолданбаға күн сайын кірмесе де ескертіп отырады. Машинаның жұмыс сағатына негізделген алдағы жоспарланған қызмет көрсету көрсеткіштері пайдаланушыға жіберілетіндіктен, қызмет көрсетуді өндіріске әсер етпейтін уақытқа жоспарлауға болады Қозғалтқыштың ескертулері секілді ақау кодтары бос тұру оқиғасы орын алғанға дейін жоюды қажет ететін қызмет көрсетудің маңызды мәселелері туралы ескертулерді береді. Пайдаланушылар оқиға туралы хабарландыруларды жіберуге арналған түрлі шектік мәндерді икемді қолданба арқылы орната алады.

Сat® App қолданбасы бүкіл әлемдегі Cat машинасының иелеріне арнап әзірленген. Толықтай біріктірілген және оңтайландырылған пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз ете отырып, машиналар паркі туралы ақпарат Caterpillar® компаниясының веб-сайтында не мобильдік платформада қолжетімді және жаңартылып отырады. Жабдықты Cat қолданбасына телематикалық есептілік жүйесінсіз жалғау үшін пайдаланушылар Cat PL- 542 құрылғысын өз бетінше реттей алады.

Скачать приложение Cat® App

 

CAT® APP (CAT® FLEET MANAGEMENT):

ТЕХНИКАНЫ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ҚАЖЕТТІ СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАПТАРЫ МОБИЛЬДІК ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗДА БАР.

Cat® App қолданбасын қалаған жерде – жұмыс алаңында да, автокөлікте не үйде де – пайдалана аласыз. Көптеген қажетсіз ақпаратты сүзгіден өткізу қажет емес. Компьютерді қоспай-ақ не кеңсеге оралмай-ақ жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын табыңыз және күнделікті тапсырмаларды орындаңыз.

 

ЖҰМЫС АЛАҢЫНА БАРМАЙ-АҚ БҮКІЛ ПАРКТІ КӨРГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Машиналардың толық тізімін көріңіз және мотосағаттар, отын деңгейі және машинаны пайдалану туралы жаңартылып отыратын ақпаратты үнемі тексеріңіз. Бүкіл паркті көру, сонымен қатар сізге жақын маңдағы машинаны білу үшін Google картасын пайдаланыңыз.

ҚОЛСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ӨТІНІМ ҚАЛДЫРУ ҮШІН КЕҢСЕГЕ БАРУҒА УАҚЫТЫҢЫЗ ЖОҚ ПА?

Мұны қолданба арқылы лезде істеңіз. Сонымен қатар қызмет көрсетуді сұрау кезінде орналасқан жер және машина туралы ақпарат автоматты түрде толтырылады. Бұл уақытыңыз бен күшіңізді үнемдейді. Аталған функцияның аймағыңызда қолжетімділігі туралы Борусан Казахстан өкілінен біліңіз.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ӨНДІРІСКЕ ӘСЕР ЕТПЕЙТІН УАҚЫТҚА ЖОСПАРЛАҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Қызметтік жұмыстарды алдын ала жоспарлау үшін машинаның жұмыс уақытына қарай алдағы техникалық қызмет көрсету туралы хабарландырулар алыңыз.

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР САНЫ ТЫМ КӨП ПЕ?

Қандай хабарландыруларды алғыңыз келетінін өзіңіз таңдаңыз. Мысалы, ақау кодтары немесе машинаның жұмыс жағдайы.

ЖОСПАРЛЫ ОРНАТУ КЕЗІНДЕ МАШИНАНЫ ТЕЛЕМАТИКАҒА (PRODUCT LINK) ЖАЛҒАҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Cat® App қолданбасынан тікелей өтінім қалдырыңыз және PL542 Product Link-ті өзіңіз орнатыңыз.

ТЕХНИКАНЫҢ КІЛТІН ЖИІ ЖОҒАЛТАСЫЗ БА НЕМЕСЕ СӘЙКЕС КІЛТТІ ІЗДЕП ШАРШАДЫҢЫЗ БА?

Техниканы кілтсіз оталдыру функциясын пайдалана отырып, келесі буындағы Cat® машинасын қолданбадан таңдай аласыз.

 

 

01 Cat® App мобильдік қолданбасы 35 тілде iOS және Android жүйеерінде қолжетімді. Оны Apple Store немесе Play Market дүкенінен жүктеп алуға болады.

02 Apple Store дүкенінен жүктеп алу үшін іздеу өрісіне «Cat fleet management», ал Google Play дүкенінде «Cat App» деп енгізіңіз.

03 Жүктеп алғаннан кейін пайдаланушы https://my.cat.com сайтында қолданылатын аккаунтпен https://my.cat.com жүйесіне кіре алады. Жаңа пайдаланушылар тіркеле алады. Ол үшін қолданбада жабдық туралы деректерді енгізіп, «Начать» (Бастау) түймесі басу керек. Сонымен қатар жүйеге кіріп, активтер тураы ақпаратты ұсыну арқылы деректерді оңай көруге және https://my.cat.com веб-сайтынан жүктеп алуға болады.