Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер
О компании

«Borusan» компаниялар тобы туралы

1944 жылы негізі қаланған «Borusan» компаниялар тобы бүгінгі таңда Түркияның жетекші компанияларының үздік 10-дығына кіреді және төрт бағытта жұмыс істейді:

  • Болат өндіру
  • Дилерлік қызмет
  • Логистикалық қызмет
  • Энергетика

Әлемнің 10 елінде компаниялар тобының кеңселері мен өкілдіктері бар. Олар – Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, АҚШ, Нидерланды, Италия және Кипр.

 

«Borusan Cat Казахстан» компаниясы туралы

«Borusan Cat Казахстан» компаниясы 1999 жылдың маусым айында Алматы қаласында құрылды және «Borusan» компаниялар тобының құрамына кіреді. Бүкіл Қазақстан бойынша компанияның 20 өкілдігі мен 23 қоймасы бар, ал штаттағы қызметкерлерінің саны 1 000-нан астам адамды құрайды. Borusan Cat Казахстан қызметі 3 негізгі салаға бағытталған:

  • Тау-кен қазу
  • Құрылыс
  • Мұнай-газ

 

Ұсынылатын брендтер туралы

ҚР аумағындағы ресми өкілі Borusan Cat Казахстан болып табылатын брендтер:

  • Cat® арнайы техникасы, генераторлары, қосалқы бөлшектері және майлары.
  • SEM техникасы.
  • Trimble® жүйелері.
  • Ground Force автоцистерналары.
  • AllightSykes® өздігінен құю сорғылары.
  • Allight Primax® сорғылары.
  • Allmand® қондырғылары.
  • RCT® автоматтандыру мен қашықтан басқаруға арналған шешімдері.

 

«Borusan Cat Казахстан» компаниясы бас директорының сәлемдесуі

Мен Сіздермен «Borusan Cat Казахстан» компаниясының ресми сайтында сәлемдескім келеді. Әлемдік брендтердің арнайы техникасы мен жабдықтары бойынша дилерлікті ұсына отырып, біздің компания өз бизнесінің дамуы мен гүлденуіне жәрдемдесу талпынысын басшылыққа ала отырып, әрдайым өзінің Тапсырыс берушісіне бағдарланады.

1999 жылы ашылған сәтімізден бастап біз Тапсырыс берушілер үшін бірегей және тиімді инфрақұрылымды ұйымдастыруға талпынамыз. Компанияның таңдаған даму жолы – үздіксіз жетілдіру жолы. Сондықтан, Borusan Cat Казахстан командасы алдына қойылған міндеттерді шешу үшін күн сайын барынша дәлдікпен және кәсіпқойлықпен еңбек етеді.

Мен Сіздің «Borusan Cat Казахстан» компаниясы тұлғасында сенімді серіктес тапқаныңызға және Сіздің жетістікке жетуіңізге жәрдемдесе алатынымызға шынайы сенемін.

Бас директор,
Шакенов Аман