Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

БІЗДІҢ ӨНДІРІС СТАНДАРТЫМЫЗ ПРЕМИУМ-СЫНЫБЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА ИЕ!

«Borusan Cat Казахстан» компаниясы өндіріп шығарған қатаң жақтаудағы Ground Force су автоцистернасы арнайы функциялардың жиынтығымен өзгешеленеді, бұл функциялардың басым бөлігі Сіздің машинаңыздың стандартты жиынтықтамасына кіреді.

ЦИСТЕРНАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Цистернаның сыйымдылығы: 9 000 - 60 000 галлон (34 068 – 227 124 л)
Күрделі жағдайлардағы тау-кен жұмыстары үшін әзірленген
Конструкцияның ішкі қаңқасы конструкцияның тұрақтылығы және пайдалану мерзімін ұлғайту үшін қоставрлы болат арқалыққа негізделген
Бүкіл цистерна бойындағы бойлық және көлденең арақабырғалар Сұйықтық тербелісін бақылаудың арнайы әзірленген жүйесі (толқын басқыш). Шаюға арналған дренажы бар тұндырғыш
Герметикалық электрлік жүйе
Жарықдиодты габариттік жарықтар, стоп- және бұрылу сигналдары

ОПЕРАТОР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫ

Конструкцияның төмен орналасқан ауырлық центрі
Сақтандыру торларымен қамтылған трап
Қорғаныстық таяныштармен қамтылған саты
ЖҚҚ іліктіру функциясына ие сырғанауға қарсы жабыны бар жоғарғы көпірше

АЛДЫҢҒЫ БҮРІККІШТЕРДІҢ БАСТИЕКТЕРІ

Бұл бастиектер су көлеміне және көлденең айналуға сәйкес реттеледі.
Бүрку ені бойынша 21,3 м-ге (70 футұа), ал алдыңғы жиегі бойынша 18,3 м-ге (60 футқа) дейінгі қашықтыққа.
Су зеңбірегі: кабинадан басқару немесе қашықтан бақылау арқылы жақтары бойынша 350°-қа және вертикаль бойынша 140°-қа айналдыру мүмкіндігі.
Су зеңбірегі үйінділерге жақыннан бүркуге және 67 м-ге (220 футқа) дейінгі қашықтықта өрт сөндіруге арналған бірқатар баптауға ие.

БҮЙІРЛІК БҮРІККІШТЕРДІҢ САПТАМАЛАРЫ

Бүйірлік бүріккіштер бүрку жылдамдығы мен бағытын бақылауға арналған екі параметр бойынша реттеледі
Бүйірлік бүріккіштердің саптамалары бактың әр жағында 11 м-ге (36 футқа) дейінгі енде жұмыс істейді.

АРТҚЫ БҮРІККІШТЕРДІҢ БАСТИЕКТЕРІ

Бастиектер су көлеміне және көлденең айналуға сәйкес реттеледі. Ені бойынша 27 м-ге (90 футқа) бүрку.

СУҒА АРНАЛҒАН БІЗДІҢ АВТОЦИСТЕРНАЛАРДЫҢ ЖОБАЛАНУЫ МЕН ӨНДІРІСІ БІРЕГЕЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНАЛОГТАРЫ ЖОҚ

Біздің су автоцистерналарымыз Сіздің шаң басу, өрт сөндіру және сумен байланысты басқа да мәселелеріңізді шешеді, бұл ретте олар жоғары қызмет ету мерзіміне ие.

СУ БЕРУДІ
РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ (СБРЖ)

  • Өнімділігі жоғары сыртқы су сорғысы
  • Кабинадағы цифрлық монитор
  • 4 белгіленген бүрку баптауына ие бағдарламаланатын мәзір
  • Суды мерзімді бүрку режиміне арналған бүркудің аралық баптаулары
  • Машинаның жұмысы барысында түймені бір рет басу арқылы жекелеген бүрку бастиектерін қосу
  • Жеткіліксіз жарықтандыру жағдайында жұмыс істеуге арналған артқы қосымша сәулелеуге ие СК-дисплей
  • Опциялардың кең диапазонын интеграциялау
  • 4 бүріккішке ие артқы бүрку штангасы
  • Бүйірлік бүріккіштер, құбыршегі бар шарғылар, су зеңбіректері, гравитациялық бүрку
  • Суық климаттық жағдайларда жұмыс істеуге арналған жылуоқшаулағыш қаптамалар қолжетімді
  • Көбік басу жүйесінің опциясы