Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

Антифриз

Cat® ELC™ салқындатқыш сұйықтық

Cat® дизельді және бензинді қозғалтқыштарға, сондай-ақ толық жабдықты өндірушілердің қозғалтқыштарына (OEM) арналған қызмет ету мерзімі ұзартылған салқындатқыш сұйықтығы (ELC).

Қолдану бойынша ұсыныстар

Cat® ELC салқындатқыш сұйықтығы келесі техникалық шарттар мен ұсыныстардың талаптарына толық сәйкес келеді немесе асып түседі:

  • Cat EC-1
  • TMC RP-329
  • TMC RP-338
  • ASTM D-3306
  • ASTM D-6210
  • SAE J1034

Cat® ELC салқындатқыш сұйықтығы Cummins, Detroit Diesel, International, Mack және Volvo компанияларының талаптарына сәйкес келеді.

Айрықша ерекшеліктері

Cat® ELC салқындатқыш сұйықтығы Cat түпнұсқалық жиынтықтаушы бұйымдарына қолданылатын жоғары стандарттарға сәйкес Caterpillar компаниясымен әзірленген, сыналған және мақұлданған.

  • Зауыт-өндірушісінде толтыру – бұл салқындатқыш сұйықтық барлық Cat машиналарының салқындату жүйелерін зауыттық толтыру үшін стандартты болып табылады.
  • Техникалық қызмет көрсету шығындарының төмендеуі - дәстүрлі салқындатқыш сұйықтықтарымен салыстырғанда қозғалтқышқа арналған салқындатқыш сұйықтықтары мен оларға арналған қоспалардың құнын 500% дейін төмендетуді қамтамасыз етеді. Cat® ELC салқындатқыш сұйықтығы қосымша қоспалардың қажеттілігін жояды, салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру арасындағы аралықтардың ұзақтығын арттыруға және кәдеге жарату процесіне қойылатын талаптарды жұмсартуға мүмкіндік береді.
  • Металл бөлшектерінің жақсартылған қорғауы - моно-және дикарбоксилаттар сияқты органикалық қышқыл тұздарына негізделген коррозия ингибиторларын қамтитын жетілдірілген құрамы бар, соның арқасында мыс, қола, болат, шойын және алюминийден жасалған бөлшектерді, сондай-ақ дәнекерлерді барынша қорғауға қол жеткізіледі.

Ертерек ақауларды анықтауға арналған S•O•SSM бағдарламасы

Сіздің инвестицияңызды Cat S•O•SSM салқындатқыш сұйықтығы жоспарлы іріктеу және талдау бағдарламасымен бірге қорғаңыз - Сіздің құрал-жабдығыңызға арналған теңдессіз анықтау және диагностикалау құралы. Біз пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулықта көрсетілген S•O•SSM бағдарламасының 1 Деңгейі бойынша кезеңділікпен, сондай – ақ S•O•SSM бағдарламасының 2 Деңгейі бойынша барлық Cat құрал-жабдығы үшін жылына кемінде бір рет салқындатқыш сұйықтық сынамасына талдау жүргізуді ұсынамыз.

Cat® ELC Extender қоспасы салқындатқыш сұйықтықтың қызмет ету мерзімін ұзартады

  • Cat® EC-1 салқындатқыш сұйықтықтарына қойылатын талаптардан асып түседі.
  • Блок пен цилиндр гильзасының беттерін нүктелік және кавитация эрозиясынан қорғайды.
  • Салқындатқыш сұйықтыққа 500 000 км (300 000 миль) жүріс арқылы (Cat қозғалтқышы бар жол жүк көліктері үшін) немесе 6000 мотосағат (Сat өнеркәсіптік қозғалтқыштары үшін) арқылы енгізіледі.
  • Бұл қоспаны енгізу салқындатқыш сұйықтықтың қызмет ету мерзімі ішінде тек бір рет қажет.
  • Cat® ELC салқындатқыш сұйықтығының номиналды пайдалану сипаттамаларын автомобильдің 1 000 000 км (600 000 миль) жүрісінде немесе қозғалтқыштың 12 000 сағат жұмысында ұстап тұруға кепілдік береді

Cat® ELC Extender қоспасын енгізу және салқындату жүйесін жууды орындау кезеңділігі

Cat® ELC Extender қоспасын салқындатқыш сұйықтығын қозғалтқыш жұмысының 6000 сағатынан немесе автомобильдің 500 000 км (300 000 миль) жүрісінен кейін енгізу керек. 12000 сағат немесе 1 000 000 км (600,000 миль) жүрісінен кейін салқындатқыш сұйықтықты ағызып, салқындату жүйесін таза сумен жуу керек. Жууды тазалау құралдарын пайдаланбай орындау керек. S•O•SSM бағдарламасы бойынша салқындатқыш сұйықтық сынамаларын тұрақты талдау жағдайында Cat ELC салқындатқыш сұйықтығының қауіпсіз пайдалану мерзімі 12 000 мотосағаттан асуы мүмкін.

Зиянсыз және қауіпсіз

Белгіленген талаптарға сәйкес мақсаты бойынша пайдаланған кезінде бұл материалдар денсаулыққа қауіп төндірмейді. Тым ұзақ әсер еткенде, олар көзді, теріні және тыныс алу органдарын тітіркендіруі мүмкін. Осы материалдармен жұмыс істеу кезінде гигиеналық талаптарды үнемі сақтау қажет. Жұмыс басталар алдында қауіпті материалдармен жұмыс істеу жөніндегі тиісті Жадынаманы (MSDS) мұқият зерделеу қажет. Қажет болса, MSDS жадынамасын веб-сайттан табуға болады. www.catmsds.com

Cat дилерлері әлемдік деңгейдегі материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз етеді

Кез-келген уақытта және кез-келген жерде біз техникалық қызмет көрсету саласындағы сұранысқа ие бөлшектер мен шешімдерді ұсынамыз.

Caterpillar дилерлік кәсіпорындар желісінің білікті мамандары Сізге машиналарды жұмыс күйінде ұстауға көмектеседі, бұл Сіздің инвестицияларыңыздың табыстылығын қамтамасыз етеді.

Сұраныс жіберу