BOOM 360

БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР БІР ЖЕРДЕ

Boom 360 мобилді қосымшасы – «Borusan Cat Казахстан» компаниясының көптеген пайдалы құралдары мен шешімдерін біріктірген, тапсырыс берушілерге арналған кешенді қосымша.

Boom 360 қосалқы бөлшектерді сатып алу мен сервистік жұмыстардың тарихын қадағалауға, жабдыққа дыбыстық диагностика жүргізуге, ақау шыққан жағдайда біздің сервистік қолдау қызметіне бейнеқоңырау арқылы хабарласуға, сондай-ақ өнімдер, қызметтер мен акциялық ұсыныстар туралы барлық өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді

Қосымша бес модульден тұрады:

  • Менің жабдығым
  • Қызмет көрсету
  • Баға ұсыныстары
  • Қаржылық көрсеткіштер
  • Бум дүкені

Бұл модульдердің ең басты қолайлылығы олар тікелей веб-сайтқа байланысқан, бұл өз ретінде барлық қажетті мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әр модульде тапсырыс беруші компанияның әр түрлі қызметкерлерін тіркеуге болады.

BOOM 360 ҚОСЫМШАСЫН ЖҮКТЕУ

Google Play Apple Store