Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

Cat® Арнайы техника

АРНАЙЫ ТЕХНИКА, ҚАЗАҚСТАНДА САТУ (САТЫП АЛУ)

Қызметі құрылыспен, аумақты абаттандырумен, жер қазу жұмыстарымен, пайдалы қазбаларды өндірумен және осыған ұқсас бірқатар бағыттармен байланысты әрбір компания сенімді арнайы техниканы қалай таңдауға, табуға және сатып алуға болады деген сұраққа жауап іздейді. Бұл дилемманың шешімін табу үшін тетіктердің жұмыс істеу өнімділігі мен тиімділігіне қандай параметрлер көбірек әсер ететінін түсіну керек.

Таңдаудың негізгі критерийлері:

1. Қажеттіліктер

Әрине, сатып алынатын жабдық Сіздің алдыңызда тұрған міндеттерді шешуі тиіс. Бұл – тар шеңберде мамандандырылған немесе әмбебап машиналар болуы мүмкін – барлығы қызметтің бағытына және жобаның көлеміне байланысты. Бұл ретте, арнайы техниканың бағасы оның көпатқарымдылық деңгейімен ғана емес, сонымен бірге бірқатар факторлармен анықталады.

2. Өндіруші-ел

Әдетте Жапониядан, Америкадан және Англиядан келген жабдықтар ең сенімді және төзімді деп есептеледі. Әсіресе, бұл қатарда қытай-американдық жоба болып табылатын Сat® арнайы техникасын атап өтуге болады: өндіріс АҚШ мамандарының бақылауымен, Аспан асты еліндегі зауыттарда жүргізіледі.

3. Жаңалық деңгейі

Пайдалануда болған арнайы техникаға қарағанда, жаңа техника жақсырақ болып есептеледі, бірақ бүгінгі таңда мамандандырылған сайттар таныстырылымдық үлгі ретінде пайдаланылған тауарлардың нұсқаларын ұсынуда. Нәтижесінде, олардың құны едәуір төмендейді, бұл ретте пайдаланушылық деректері зауыттық деңгейде болады.

4. Техникалық параметрлері

Нақты Сізге қажетті сипаттамалар – жабдықты сатып алу мақсатына және жұмыстар орындалатын төңірекке (қала шекарасы, батпақ, тасты жер және т.б.) байланысты болады. Стандартты тізбе қуат, жүк көтергіштік, жұмыстарды орындау жылдамдығы, салмақ, ептілік секілді көрсеткіштерді қамтиды.

5. Қызмет көрсетудің қолжетімділігі және қарапайымдылығы

Кез келген техника мерзімді тексеріп қарауды қажет етеді, өйткені тозуға ұшырайды, сондай-ақ сервис орталықтарының жақын болуы – ескерілуі тиіс болатын тағы бір фактор.

6. Сату нүктелері

Бүгінгі таңда жиі жағдайларда тіпті ең жоғары технолгиялы бұйымдар Интернет арқылы сатып алынады, өйткені бұл - ыңғайлы, жылдам, жайлы және қаржылық тұрғыда тиімді. Мысалы, Қазақстандағы арнайы техниканы сататын компанияның сайтына кіре отырып, Сіз өзіңіз үшін ыңғайлы болатын кез келген уақытта машиналардың сан-алуан түрлерімен және үлгілерімен танысып шығып, олардың сипаттамаларын салыстыра аласыз. Бұл ретте тауарлардың аса кең сұрыпталымы жиі жағдайларда таңдауда қиындық тудырады. Мұндай жағдайда Сіз әрдайым біздің мамандарымызға жүгіне аласыз, олар Сіздің кез келген сұрақтарыңызға барынша толық жауап береді – техникалық сипаттамаларынан бастап, жұмыс істеу ерекшеліктеріне дейін, бірақ олар ешқашан өз пікірін тықпаламайды, Сізге әр үлгінің бүкіл артықшылықтары мен кемшіліктерін жасырмастан айтып береді. Сіз компаниямыздың ең жақын орналасқан филиалына келу арқылы, таңдалған тауармен визуалды түрде таныса аласыз. Сондай-ақ айта кетерлік жайт, үлкен сауда үй-жайлары үшін жалгерлік төлемнің болмауы – біздің жабдықтың құнын барынша қолжетімді етеді. Еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Алматы, Астана (Нұр-Сұлтан), Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Өскемен, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Атырау, Ақтау, Шымкент, Теміртау, Петропавл, Жезқазған, Семей, Тараз, Көкшетау, Талдықорған, Қостанай, Түркістан, Екібастұз, Рудный, Арқалық секілді қалаларда біздің арнайы техникамыздың белсенді түрде пайдаланылуы оның жоғары сапасын растай түседі.


extended_warranty_desc_text