Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

КОМПОНЕНТТЕРДІ ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАРАҒАНДЫ қ.

сертификация
сертификация
karaganda

2011 жылы Қарағанды қаласында Компоненттерді қалпына келтіру орталығы (ҚҚКО) қолданысқа енгізілді. Бұл жерде кешенді тәсілдеме жүзеге асырылады және Сіздің бизнесіңіз үшін бірегей шешімлер әзірленеді.

ҚҚКО АУМАҒЫНДА МЫНАЛАР ОРНАЛАСҚАН:

  • Cat® техникасын қалпына келтіру орталығы
  • Компоненттерді жөндеу цехы
  • Бөлшектерді механикалық өңдеу цехы
  • S·O·SSM зертхана
  • Оқу бөлімі

Contamination control 5 stars, BSOHSAS 18001 және ИСО 9001:2008 сертификаттары ҚҚКО-ның қауіпсіздік, тазалық және компанияда қолданылатын сапа менеджментінің тиімді жүйесінің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетіндігінің дәлелі.

2016 жылы ҚҚКО компоненттерді жөндеудің сертификатталған өндірушісі атанды; сертификатты алу сәтінде 175 дилердің тек 8-іне осындай мәртебе берілді.

2017 жылы «Borusan Cat Казахстан» компаниясы жоғары сапалы болаттың әлемге әйгілі өндірушісі SSAB концерні ұсынған «Hardox in my Body» бағдарламасының қатысушысы атанды. Компания Тапсырыс берушілері үшін алынған мәртебе дайындалатын өнімдердің әлемдік сапасының кепілдігі болып табылады.

Компоненттерді қалпына келтіру орталығы – бұл жөндеу мен қалпына келтірудің сертификатталған және дилерлік бағдарламаларының арқасында Cat техникасы мен компоненттердің қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкіндігі.

Компоненттерді қалпына келтіру орталығы жайында толығырақ мәліметті мына бейнебаяннан біле аласыз: