Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

Автомобиль жолдарын салу технологиялары

Автомобиль жолдарын салу технологиялары

Автомобиль жолдарын салу технологиялары: Borusan Cat Қазақстан және Caterpillar® өңірлік деңгейдегі іс-шараға сарапшылар ретінде шақырылды.

21 ақпан күні Атырау қаласында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ұйымының базасында ұйымдастырылған маңызды шара өткізілді, оған батыс өңірінің жол құрылысына маманданған компаниялары қатысты. Шақырылған спикер-сарапшылар ретінде Borusan Cat Қазақстан және Caterpillar өкілдері сөз сөйледі.

Облыстық әкімдік, бейінді мердігер компаниялар, инженерлік қызметтер және облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктердің өкілдері қатысқан іс-шара автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталды. Borusan Cat Қазақстан жол құрылысына арналған технологиялар мен жабдықтар нарығындағы жетекші қатысушылардың бірі болғандықтан, аталған салада мол тәжірибесі бар. Сол себепті, компания өкілдері іс-шараға өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісу үшін сарапшылар ретінде шақырылды. Компания жол құрылысы саласындағы өзінің инновациялық әзірлемелерін ұсынды, сондай-ақ өзінің жобалары мен жетістіктері туралы айтты.

Іс-шарада жол құрылысына арналған технологиялар мен құрылғылар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатын Caterpillar компаниясының өкілдері де сөз сөйледі. Компания бүкіл әлем бойынша әртүрлі жобаларда қолданылатын өз әзірлемелерімен және озық технологияларымен бөлісті.

«Borusan Cat Қазақстан» компаниясының атынан спикерлер:

Максат Айменов - Sitech Central Asia

Олжас Бекболатов - Құрылыс және жол-құрылыс жабдықтары дивизионының (GC) менеджері

Асан Сердалин - GC дивизионының жол-құрылыс техникасының супервайзері

Бауыржан Аханов - Атырау қаласындағы компоненттерді қалпына келтіру орталығының (ҚҚКО) супервайзері

Сонымен қатар Caterpillar өкілі Валерий Низамудинов – Cat® жол-құрылыс техникасы жөніндегі Бас өкілі өз тұсаукесерін көрсетіп, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, семинар шеңберінде қатысушылар Атырау қаласындағы «Borusan Cat Қазақстан» компаниясының құрамдас бөліктерін қалпына келтіру орталығына барды, онда өңір шеңберінде техниканы қалпына келтіру мүмкіндіктері көрсетілді.

Ұйымдастырылған шараның барлық қатысушылар үшін пайдасы зор болды. Олар семинарды ұйымдастыру деңгейін, сондай-ақ тұсукесерлердің мазмұны мен тәжірибелік құндылығын жоғары бағалады.

Бұл іс-шара қатысушыларға халықаралық деңгейдегі спикерлердің тәжірибесін қабылдауға және тәжірибе мен біліммен алмасуға, сондай-ақ жол құрылысы индустриясында өздерінің іскерлік байланыстарын нығайтуға мүмкіндік берді.