Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

Бизнеске арналған технологиялар және шешімдер: Borusan Cat Қазақстанда Тапсырыс беруші күні

Бизнеске арналған технологиялар және шешімдер: Borusan Cat Қазақстанда Тапсырыс беруші күні

Borusan Cat Қазақстан Тапсырыс берушілерінің ниеттестігі деңгейін үздіксіз арттыруға ұмтылатын клиентке бағдарланған компания бола отырып, өзінің нысаналы аудиториясына арнап, тұрақты негізде Тапсырыс беруші күндерін – әрбір қатысушы үшін компанияның өнімдерімен және шешімдерімен танысу, сонымен қатар, өзімен ынтымақтастықтың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық мәлімет алуға бірегей мүмкіндік беретін іс-шаралар өткізеді.

2023 жылы 30 мамырда Астана қаласында «Borusan Cat Қазақстан» компаниясы Тапсырыс берушілеріне арнап «Бизнеске арналған технологиялар және шешімдер» тақырыбында аса ауқымды және жарқын шара - Тапсырыс беруші күнін ұйымдастыды. Аталған шараның бірінші бөлімі компания мамандарының Сat® техникасы, SEM, Trimble технологиялары туралы бір мезгілде екі конференц – залда өткен түрлі тақырыптардағы баяндамаларына арналды-осылайша қатысушыларға өздері үшін біршама маңызды бағытты таңдап, сол тақырып бойынша толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.

Іс–шараның аталған бөлігі аяқталғаннан кейін барлық қонақтар жалпы конференц- залға шақырылып, мұнда оларға техникалық қолдау департаменті мамандарының ауқымды және мазмұнды баяндамалары ұсынылды. Мамандар өз сөздерінде Parts.cat.com онлайн-дүкені және компанияның барлық шешімдерін қамтитын бірегей Boom 360 мобильді қосымшасы, Сat сүзгілері, Сat CVA кешенді шешімі және Cat – Borusan Exchange айналым құрамдауыштарының бағдарламасы, сонымен қатар Cat жұмыс сұйықтықтары және оларды S•O•SSM зертханасында уақтылы талдаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Сөз соңында компания мамандары тапсырыс берушілер арасында материал тақырыбында викторина өткізіп, ұтыс ретінде Cat естелік промо–сыйлықтарын ұсынды.

Сонымен бірге, Borusan Cat Қазақстан ниеттестік бағдарламасы бойынша компанияның күміс, алтын және Гауһар тасты серіктестер мәртебесін иеленген Тапсырыс берушілерін құттықтау бүкіл іс-шараның маңызды бөлігі болды. Құттықтау рәсімін Құрылыс және жол–құрылыс техникасы дивизионының басшысы Ерлан Копеев өткізді.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін ол туралы «Алмас серіктес» мәртебесін алған Borusan Cat Қазақстан тапсырыс берушісі өз әсерімен бөлісті.

«Тим И К» ЖШС директорының орынбасары Стыбаев Досбол:

«Біз «Borusan Cat Қазақстан» компаниясымен 16 жылдан астам уақыттан бері, серіктес ретінде жұмыс істеп келеміз және ол ұсынатын бизнес–шешімдердің белсенді пайдаланушылары болып табыламыз: осы мақсатта техника мен шығын материалдарын сатып алудан бастап, шығарылатын жаңалықтармен, акциялармен және қаржылық шешімдерді де қолданамыз. Біз бұл жеткізушіні бірінші кезекте барлық жұмыс процестерімізде сезінетін тұрақтылықтың және, әрине, командамен сапалы қарым-қатынастың, бізге бағалы Тапсырыс беруші ретінде көзқарасы үшін таңдадық. Borusan Cat Қазақстан мамандары әрқашан кез келген жағдайға түсіністікпен қарап, кері байланыс пен ұсыныстарға ашық болады. Әрине, әрқашан ұмтылатын нәрсе бар және біздің ұмтылыстарымызда біз біртұтас механизм ретінде біртұтас әрекет ететініміз маңызды болып табылады.

Біздің жеткізушіміз – «Borusan Cat Қазақстан» компаниясынан ниеттестік бағдарламасы бойынша «Гауһар тасты серіктес» деңгейін үшінші жыл қатарынан алып келеміз. Алдымен біз «Қола серіктес» мәртебесін алдық, содан кейін – «Күміс серіктес» және одан кейін – бірден «Гауһар тасты серіктес» атандыяқ. Біздің алдымызда бұдан да үлкен табыстар мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін!»

Іс-шараның екінші бөлімі аяқталғаннан кейін оның барлық қатысушылары Cat техникасы оның ішінде: Cat 320gx шынжыр табан экскаватор, M320D2 доңғалақты экскаватор, Сat 434 экскаватор-тиегіш, Cat CB7 асфальт катогы, Сat РМ620 жол фрезері, Сat H120GC гидравликалық балғасы, SEM 826D бульдозері көрмеге қойылған павильонға барды.

Техниканың әр моделінің жанында барлық туындаған сұрақтарға жауап беретін және жоғары білікті консультация беретін компания мамандары болды.

Іс-шараның соңғы бөлімінде көзілдірік, рюкзактар, масштабты модельдер, май құйылған канистралар, Trimble сыйлық жинағы, экскаватор сатып алуға 12 000 доллар жеңілдік сертификаты, SEM машинасын сатып алуға 5% жеңілдік сертификаты, Borusan Cat Қазақстан шығарған Сat шөішін сатып алуға 2 500 000 теңге сомасына екі 2 жеңілдік сертификаты сияқты Cat және SEM бағалы промо – сыйлықтарының ұтыс ойыны өткізілді.

Бұл, іс-шараға Borusan Cat Қазақстан серіктесі болып табылатын және тапсырыс берушілерге техника сатып алу үшін арнайы шарттар мен ыңғайлы қаржылық шешімдер ұсынатын «Центр Кредит» банкінің өкілдері де қатысқанын айта кету керек. Банк мамандары күні бойы Тапсырыс берушілерге кеңес беріп, туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында оның өтетін орнынан компанияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында тікелей эфир өткізілді. Эфирде компания қызметкерлері мен Тапсырыс берушілерінен сұхбат алынды, сонымен қатар, негізгі әрекеттер орын алған алаңдар көрсетілді.

Сондай-ақ, аумақта ойын-сауық аймағы болды, онда іс-шараға қатысушылар демалуға, бейресми жағдайда сұхбаттасуға, Sony PlayStation кикер (үстел футболы) және консоль ойнауға уақыт бөлуге және, әрине, Trimble Earthworks Simulator және Сat D9 бульдозер тренажерларында техниканы басқару бойынша өз күштерін сынап көруге мүмкіндік алды. Осындай тренажерларда жұмыс істеудің арқасында Тапсырыс беруші машинаны нақты басқарудың әсерін жасау арқылы өзін техника операторы ретінде сезіне алады. Тренажерлер нақты жұмыс алаңдарындағыдай машинаны басқару элементтерін қолдану арқылы, ауыр техниканы басқаруды үйрету үшін қолданылады.

Күн соңында әрбір Тапсырыс берушіге Borusan Cat Қазақстан компаниясынан естелік сыйлықтар салынған пакеттер табысталды. «Бизнеске арналған технологиялар және шешімдер» тақырыбындағы шара компания мен оның серіктестерінің тарихындағы жарқын оқиға болды, олардың қарым-қатынасын нығайтты және көптеген жаңа мәмілелер мен өзара тиімді жобаларға негіз болды.