Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

Borusan Cat Қазақстан компаниясы Жыл кәсіпорны 2021 сыйлығының иегері атанды

«Borusan Cat Қазақстан» компаниясы «Жыл кәсіпорны 2021» сыйлығының иегері атанды

Бедел - кез-келген бизнестің маңызды құрамдауышы, оның негізгі құндылығы және іскерлік белсенділіктің мәні. Standard Chartered Rating GmbH маркетинг, экономика және қаржы салаларын зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар оларға «жыл кәсіпорны» сыйлығын беру арқылы компаниялардың іскерлік беделін бағалайды. Бұл марапат ірі, орта, шағын және микробизнес санаттарындағы салалар бойынша құрастырылатын жыл сайынғы рейтингке сәйкес беріледі. Серіктестердің пікірлері, салықтарлы адал ниетті төлеу және өз ісіне адал көзқарас ескеріледі. Барлық деректер ресми мемлекеттік статистикадан алынады.

«The enterprise of the Year 2021 сыйлығы» -өзін-өзі көрсетудің тамаша тәсілі. «Borusan Cat Қазақстан» компаниясы да осы мүмкіндікті пайдалануға шешім қабылдады. Себебі, өз жетістіктеріңіздің болуы ғана емес, сонымен қатар өз марапаттарыңыздың қоржынын толықтыра отырып, оларды белсенді түрде жариялау маңызды. Компаниядан басқа оның басшысы да марапатталды. Borusan Cat Қазақстан Бас директоры Антон Старун «Жыл басшысы 2021» сыйлығының иегері атанды.

«Жыл кәсіпорны 2021» сыйлығын алған кезде «Borusan Cat Қазақстан» атауы автоматты түрде Халықаралық іскерлік бедел қорына енгізілді. Бүгінгі таңда Standard Chartered Rating дүние жүзі бойынш 12 мемлекеттегі компаниялардың беделінің тізілімін жүргізеді және үздік фирмаларды бірыңғай бренд- «Тhe enterprise of the Year 2021» мәртебесімен біріктіреді. Сыйлық Еуропалық бизнес қауымдастығы тарапынан мойындалады.

Сыйлықтың арқасында Borusan Cat Қазақстан әлемдік қоғамдастық пен болашақ ұрпақтың игілігіне айналып отыр. Жетістіктерімізді тарих беттеріне жаза отырып, біз қазіргі әлемді қалыптастырамыз.