Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

BORUSAN CAT ҚАЗАҚСТАН ҰСЫНАТЫН БРЕНДТЕР: ALLIGHT SYKES® ӨЗДІГІНЕН ҚҰЙЫЛАТЫН СОРҒЫЛАР

«Борусан Макина Қазақстан» ЖШС ШК 2014 жылдан бастап Allight Sykes® австралиялық брендін ұсынады. 1967 жылдан бері жұмыс істеп, бүгінде Allight Sykes – Қазақстанда 2014 жылдан бастап ірі мыс кен орындарында табысты пайдаланылып келе жатқан, суды толығымен автоматты түрде құятын сорғылардың әлемдік жетекші өндірушілерінің бірі.

Әртүрлі салаларда – қалалық жұмыс алаңдарынан бастап су тасқынына қарсы күреске дейін қолданылатын берік және сенімді сутөккіш сорғылардың кең ассортименті су ресурстарын басқару бойынша Тапсырыс берушілердің барлық талаптарына жауап беретін шешімді ұсынады. Нарықтағы ең қуатты және сенімді деп танылған, Sykes сорғылары бос тұрып қалу мен энергияны тұтынудың қысқаруын, сондай-ақ өзінің өмірлік циклы бойы иелік етудің ең төменгі құнын қамтамасыз етеді.

Сорғылардың барлық ішкі бөліктері стандартты түрде 316-шы тот баспайтын болаттан жасалған және «құрғақ» зақымдалмай жұмыс істей алады. Мысалы, XH150 сорғысының ең танымал моделі 4 сағат бойы «құрғақ» жұмыс істей алады және сонымен қатар сорғының ішкі бөліктері зақымдалмайды; кейінірек, су деңгейі көтерілгенде, сорғы өзін-өзі автоматты түрде толтырады. Өнімділігі жоғары Allight Sykes сорғылары 93 мм-ге дейін механикалық қоспалардан, шламдардан, кірден, тұзды теңіз суларынан және ағынды сулардан тұратын сұйықтықтарды айдауға жарамды.

Қазақстанға тұрақты түрде келетін және Allight Sykes сорғыларын тиімді пайдалануды жақсарту бойынша жоғары кәсіби ұсыныстар беретін австралиялық нұсқаушылардан Тапсырыс берушілердің қызметкерлеріне көрсететін кәсіби қолдауын ерекше атап өту маңызды.

Кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған барлық факторлар құрал-жабдықтың бос тұрып қалу уақытын қысқартуды, жоспарланбаған жөндеуді, сондай-ақ жоғары сапалы техникалық қызмет көрсетуді және сорғының ұзақ қызмет етуін білдіреді.

Сұраныс жiберу